“Күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты”: Қазақстандық спортшылардан кім бірінші кілемге шығады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кілемге бірінші болып грек-рим күресінің өкілдері шығады. 21 қазанда біліктілік раундтары мен жартылай финалдар болмақ. Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады. 

Қазақстан командасынан бүгін келесі спортшылар бағын сынайды: 

60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев 

67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошкар 

72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов

82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев

97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов