Қысқы Олимпиада - 2026: Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 1/4 финалға жолдама алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғауда.

Іріктеу кезеңінен өту үшін спортшылар өз тобында 1-2-орын алуы немесе үшінші орын алғандар арасынан уақыт көрсеткіші бойынша үздік төрттікке енуі қажет болды.

Әжіғалиев екінші топта кейбір қарсыластарының құлаған сәтін тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті де, тікелей 1/4 финалға жолдама алды.

Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетті. Алайда оның уақыт көрсеткіші іріктеу кезеңінен өтуге жеткілікті болды.

Айта кетейік, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді.