”Қысқы Олимпиада - 2026”: Миландағы ашылу салтанатынан не күтеміз

Италия тарихта төртінші рет Олимпиада ойындарын қабылдауға дайындалуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ауқымды шоу Астана уақытымен 00:00-де басталады. Стадион трибуналарында 77 мың көрермен жиналса, телетрансляцияны әлем бойынша 2,2 миллиард адам тамашалайды деп күтілуде. Олимпиада ойындарын Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және “Хабар телеарналары тікелей эфирде көрседі.

«Armonia» ең әсерлі шоу болмақ

Armonia (Үйлесім) деп аталатын ашылу салтанаты Қысқы Олимпиадалар тарихындағы ең көрнекі рәсімдердің біріне айналуы ықтимал.

Шоудың басты жұлдызы — бес мәрте Grammy сыйлығын алған, америкалық әнші Мэрайя Кэри.

Италиялық өнерпаздардан әлемдік опера сахнасының символына айналған Андреа Бочелли қатысады. Ол 20 жыл бұрын, 2006 жылы Туринде өткен Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында өнер көрсеткен еді. Сондай-ақ сахнада:

Шоуға “танымал тұлғалар ретінде актерлер Пьерфранческо Фавино, Матильда Де Анджелис және Сабрина Импаччаторе шақырылған.

Билет бағасы мен қатысушылар саны

Ашылу салтанатына ең арзан билет 260 еуро, ал ашық сатылымдағы ең қымбатына символикалық түрде 2026 еуро қойылған.

Рәсімге 1300-ден астам әртіс пен 700 волонтер қатыспақ.

Ашылу салтанаты Миланнан бөлек, Предаццо, Ливиньо және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ұйымдастырылады. Бұл локацияларда шоу емес, спортшылар шеруі басты назарда болмақ.

2026 жылғы ойындардың ресми белгілері ретінде Тина мен Мило есімді екі көңілді қар барысы таңдалған.

Жарық түсті қар барысы Тина 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын Милан мен Кортина қалаларында таныстырады, ал қоңыр түсті Мило оның кішкентай бауыры ретінде Қысқы Паралимпиада ойындарының белгісі болады.

Олардың аттары ойындарды ұйымдастыратын қалалардың атауларымен байланысты. Тина есімі Кортина-д’Ампеццо қаласынан, ал Мило есімі Миланнан шыққан.

116 медаль сарапқа салынады

Әлемдік додада 16 спорт түрінен 116 олимпиадалық және 79 паралимпиадалық медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Олар: биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, фристайл, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, ски-альпинизм, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек. Айта кету керек, ски-алпинизм Олимпада ойындарына алғаш рет енгізілді.

Байрақты бәсекеде ел намысын 36 спортшымыз қорғайды.