Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы бокс федерациясының баспаөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
Қайрат Тұрсынханұлын құттықтай отырып, алдағы уақытта тек табыс тілейміз!", - делінген федерация жариялаған ақпаратта.
Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов қызметінен босатылып, оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды. 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман бұл қызметтен денсаулығына байланысты кетуге мәжбүр болғанын айтқан еді.