“Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындықты жалғастыру қажет”: Геннадий Головкин Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында ҰОК басшысы спортшыны 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, соңғы 26 жылда және XXI ғасырда Қазақстанның грек-рим күресіндегі алғашқы алтын жүлдесін ел қоржынына салды.

"Айдос жоғары шеберлік пен табандылық танытты. Оның жеңісі - көп жылғы еңбектің және мақсатқа жүйелі түрде ұмтылудың нәтижесі. Бұл жетістік тек грек-рим күресі үшін ғана емес, жалпы қазақ спорты үшін де үлкен маңызға ие.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ оның еншісінде құрлық біріншілігіндегі жеңіс те бар.