Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жіренбаев жеңімпаз атанды. Екінші орынды Никита Кривошеев иеленсе, қола жүлдені Артур Смағұлов қанжығасына байлады.

Әйелдер арасында алтын медальді Софья Самоделкина жеңіп алды. Екінші орынды Зере Сарбалин иеленсе, үздік үштікті София Фарафонова түйіндеді.