“Материалдық мотивация жоқ”: Футболшы ұлттық құрамада ойнаудың артықшылығын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Спорт министрі” YouTube арнасына берген сұхбатында Ұлттық құрамаға шақырту алудың маңызын айтты.

”Ұлттық құрамаға шақырту алу өте маңызды. Спорттық мансабым үшін жақсы. Ол жерде айлық төлемейді. Материалдық мотивация жоқ. Тек ғана “Ұлттық құрама” деген эмблеманы тағып жүрсек, туымызды көкке желбіретсек, соның өзі бір қуаныш, мотивация. Жолдастық матчтардың өзі біз үшін мотивация”, - дейді жас футболшы.

Сондай-ақ, ол футболдағы аға буын өкілдерімен кеңесіп отыратынын да жасырмады.

”Аға буыннан Асхат Тағыберген, Айбол Әбікен, Елдос Ахметов, Думан Әжілбаев ағаларым ақыл-кеңестерін айтып отырады. Құдайға шүкір, ақыл сұрайтын ағаларым жетеді. Англиямен ойыннан кейін Асхат Тағыберген “алдыға тебе берме, паспен, жермен ойна” деп айтты. Алдыңғы буын ағалардан мен білетіндер білген ақылын жас ойыншыларға, келешек ұрпаққа айтып отырады”, - дейді ол.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы мен U-17 жастар құрамасы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алды. Бұл - қазақ футболының ең ірі тарихи жетістіктерінің бірі.