Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Еркебұлан Тоқтардың айтуынша Данияр Елеусінов бұған дейін бірнеше сұхбатында оны "ұрып тастайтынын" айтқан.
«Мен бұл кісіге не істеп қойғанымды білмеймін. Бірақ, бір емес, екі емес сұхбаттарында "Бұны ұрып аламын" деп айтып жүреді. Қазір де менің суретімді репост жасап "Олимпиада чемпионын әлсізге теңеп тұрған мынаны маған беріңдер, жарты раунд" деп жазып қойыпты. Болмаса мені Мотиватормен шатастырып тұр , - дейді ол.
Сондай-ақ, Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновты Олимпиада чемпионы ретінде құрметтейтінін айтып, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.
"Бұл кісі - Олимпиада чемпионы ғой. Менің деңгейіме түсіп, менімен жұдырықтасатын адам емес. Дәке, мені ұру керек болса, Rukh Boxing-ке келіп, ұрып тастай салсаңыз болады. Қазақ ағама, Олимпиада чемпионына ұтыла салу түк емес. Ал халықтың алдында болғанын қаласаңыз, промоутерлерге өтініш беріп, жекпе-жек жасаңыз. Мен барынша тұрып беремін. Шынымен, жекпе-жек керек болып жатса, мен жұдырықтасып бере аламын. Өйткені, мені ұрмайынша қоймайтын сияқты. Олимпиада чемпионынан таяқ жеу ұят емес", - деді ол.