Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Исатай Мадиге берген сұхбатында 27 маусымда Баку қаласында өтетін жекпе-жегі, қарсыласы Чарльз Джонсон туралы пікірін білдірді.
"Тәжірибелі қарсыластардың барлығы Чарльз Джонсонмен шығады. Топ-10-нан өтемін дегеннің барлығы сонымен төбелесіп шыққан. UFC алдында маған мықты мүмкіндік берді. Бірақ жарақатыма байланысты төбелесе алмадым. Содан кейін менде таңдау еркі болмады. Әйтпесе Мореноны жеңген жігітті сұраған едім. Мен жекпе-жек сұрағанда UFC ешқашан жоқ деген емес. Осындай уақытқа дайын боламын деп едім, бірден Бакуді дайындап берді. UFC-ден бөлек, менімен жұмыс істеп жатқан менеджерлеріме көп алғыс айтамын", - дейді ол.
Сондай-ақ, ол Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жектен бас тартқанын UFC ұжымы қалай қабылдағанын да айтты.
"Олардың тарапынан кішкене реакция болды. Бірақ мен "ол бір қолмен жеңіп алатын бала емес" деп айттым. "Сендер қарсылас ұсынғанда мен 1 сағаттан артық ойланған емеспін. Кез келген жекпе-жекке шығып жатырмын. Осы жолы осылай болып қалды. Маған түсіністікпен қараңдар" дедім. Олар алдындағы еңбегімді бағалап, ренжіген жоқ. Бірақ менеджерлерім "саған осы жекпе-жекті шығару үшін біз ұзақ келісім жүргізгенбіз, соны ұмытпа" деді", - дейді ол.