"Нағыз екіжүзді": Танымал журналист теннисші Александр Бублик туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Мынау нағыз екіжүзді...Осыдан бірер жыл бұрын қазақстандық тілшіге сұхбат берген кезде, «мен – қазақпын» деп еді. “Қазір менің ресейлік төлқұжатым жоқ. Менің Ресей теннис федерациясына да қатысым жоқ. Мен қазақпын, осы елдің атынан өнер көрсетіп келемін. Қазақстанның намысын қорғап жүргенімді мақтан тұтамын”, - деді Александр Бублик.

Енді ресейлік журналист жақындап еді, «мен – орыспынға» салыпты. «Қазір Қазақстан намысын қорғап жүрмін. Бірақ, мен орыспын. Сондықтан мені Петербург өзіне тартып тұрады. Жерлестерімді жақсы көремін. Кәсіпқой мансабымды аяқтағаннан кейін Санкт-Петербург қаласына қоныс аударамын» - деді Бублик...", - деп жазды журналист.