Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Жасурбек Юлдошевке қарсы шаршы алаңға шықты.
Оралбай жекпе-жекті сенімді бастап, алғашқы үшминуттықты 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта да басымдық танытып, жеңіске біртабан жақындай түсті.
Нәтижесінде Нұрбек төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) алтын жүлде иеленсе, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс медальмен шектелген еді.