Олимпиада - 2026: Могулшы Павел Колмаков финалға жолдама алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Финалдық кезеңге өту үшін үздік ондыққа ену қажет еді. Ал қалған спортшылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Павел Колмаков 9-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалдық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы да өтеді. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталады.