"Олимпиадаға дайындықты жалғастырамын": Елдос Сметов Азия ойындарынан кейін мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында Олимпиададан кейінгі екі жылдық үзілістен соң қайтадан тұғырға көтерілгенін атап өтіп, қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

"Олимпиададан кейінгі екі жылдық үзілістен соң қайтадан тұғырға көтеріліп, алғашқы медалімді алдым. Осы уақыт ішінде мені қолдап, жанымнан табылған баршаңызға үлкен рақмет! Сіздердің қолдауларыңыз маған үлкен күш береді.

Бұл — алдағы үлкен мақсаттарға жасалған тағы бір қадам.

Келесі жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына және алдағы Олимпиадаға дайындықты жалғастырамын. Енді алдымызда — тек алтын медальдар! Алла қаласа, бұдан да биік тұғырларда кездескенше", — деп жазды ол.

Еске салайық, Елдос Сметов 2026 жылғы Азия ойындарының финалында жапониялық Хаято Кондоға есе жіберіп, күміс медаль иеленді.