Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол “Alypsok” ютуб арнасына берген сұхбатында қазіргі таңда UFC чемпионы атағына жақындау мүмкіндігі жағынан қазақстандық файтер Асу Алмабаевнің мүмкіндігі Шавкат Рахмоновқа қарағанда жоғарырақ екенін мәлімдеді.
“Титулға шығуда Шавкатқа қарағанда Асуда мүмкіндік көбірек. Шавкатты төмендеткенім емес, тек оның дивизонындағы қасқырлардың тығыздығына байланысты осылай айтамын. Ал Асудың дивизонында Асудың өзі секілді сияқты мықты файтерлер саусақпен санарлық. Сондықтан мүмкіндік көп. Бұйырса, UFC Қазақстанға келіп жатса, басты жекпе-жектерінің бірінде Асуды көріп қаламыз-ау деген ой бар”, - дейді ол.
Сондай-ақ, ол UFC ұйымымен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, Қазақстанның UFC турнирін қабылдау мүмкіндігі көрші Өзбекстанға қарағанда жоғары
“Кейінгі 3 жыл бойы UFC-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. UFC-ді Қазақстанға алыпк келу үкіметтік жұмыс тобының қатарында бармын. Келер жылы елімізде бірнеше спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдаймыз. Сондықтан кейбір мәселелер кешуілдеп жатыр. Бірақ оң шешімін табады деген ойдамыз. Негізі өзбектерге қарағанда бізде мүмкіндік көбірек. Себебі, біз бірнеше раундық кездесу өткізіп тастағанбыз. Ал өзбектер енді бастап жатыр. Бірақ америкалықтардың жұмыс тәртібін білетін адам ретінде кейбір процедуралық кезеңдер сақталу керек. Біз жұмыстың ол кезеңдерін өтіп қойғанбыз. Мүмкіндік бізде көбірек. Бұл жерде мемлекеттік кепілдік керек болғандықтан үкімет басындағылардың батыл саяси шешім қабылдауына ғана байланысты дүние болып тұр. Қалған дүниенің бәрі дайын. Үміт үзуге болмайды. 2027-де келуі әбден мүмкін”, - дейді Нұраддин Садықов.
Сұхбат барысында ол UFC турнирін Қазақстанда өткізуді “ақша шашу” деп санайтындардың пікіріне де жауап берді.
“Ақша шашу дегенмен келіспеймін. Бірінші келген жылы шығынды ақтаумауы мүмкін. Бірақ мыңдаған турист келеді, трансляция, билет сатылады, қонақ үйге қаншама адам тоқтайды. Сондықтан ведомостваның емес, мемлекеттің деңгейінде қарсақ, 100% ұтылмаймыз. Әзербайжан ақша есептей алмайды ма? Олар былтыр да өткізді. Егер олар үшін табыссыз жоба болатын болса, неге 3 жылға келісімшарт жасады. Себебі, олар Кавказ аймағында туризмді дұрыс жолға қоя алған мемлекеттердің бірі. Неше жылдан бері жылына екі рет UFC турнирін өткізетін Біріккен Араб Әмірлігі ақымақ па?!”- дейді ол.