Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол "Бірінші бол" ютуб арнасына берген сұхбатында жақын арада клубтың аты өзгеретінін айтты.
"Жанкүйерлерге айта кетейік, клубтың атын өзгертуге ниеттеніп отырмыз. FC Orda Shymkent болғанын қалаймыз. Өйткені, негізгі мақсат Еуропада ойнау болғандықтан "Ордабасы" деп созып айтқанша Orda болса деген ниетіміз бар. Шетелде де оңай естіледі. Мағынасы, тарихы өзгермейді. Orda Shymkent болса деп отырмыз. Ребрендинг жасап жатырмыз. Формамыз да, логомыз да ауысады. Жақын арада жанкүйерлермен бөлісеміз, презентация өткіземіз", - дейді ол.
Сондай-ақ, ол клубтың жақын арада жекеменшікке өтетінін де тілге тиек етті.
"Бізде Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін мамандар бар. Ресми түрде барлық процедураларды өтіп барып, жекеменшікке шығарамыз. Қазір әлеуметтік желіде блогерлер біз сатып аламыз деп түрлі ақпараттар жүр. Бірақ, бізде әкімдікпен меморандум бар. Келісілген шарттар бар. Біз басшылыққа келгеннен бастап қандай шығын болды соның барлығын өтеу керек. Жақын арада жекеменшікке шығарып аламыз. Әкімшілікпен толыққанды жақсы қарым-қатынастамыз, ешқандай түсініспеушілік жоқ. Бір күнде болатын нәрсе емес, өте ұзақ процесс", - дейді ол.