Ризабек Айтмұхан олимпиада чемпионын жеңіп, сенсация жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жартылай финалда Ризабек Бахрейн атынан сынға түсетін Париж Олимпиадасының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионы, 2025 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ахмед Тажудиновты айқын басымдықпен жеңді.

Финалға шығу үшін өткен белдесу 15:3 есебімен Айтмұханның пайдасына аяқталды.

Осылайша, қазақстандық спортшы 97 келі салмақта финалға өтті.