"Ризабек тағы бір әлем чемпионатына қатысады": Әлем чемпионының бапкері мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі 21-27 қазан күндері Албанияның Тирана қаласында өтеді. Аталған турнирге Ризабек Айтмұханның да қатысатынын оның жеке бапкері Қанат Жолдасбеков ресми түрде мәлімдеді. 

"Испаниядағы әлем біріншілігінен чемпион боп оралдық. Бүгінде Ризабек олимпиадалық салмаққа толық үйренді. Алғашында 97 келіге бейімделуге бір жыл уақыт кетеді деп ойлағанбыз. Бірақ жарты жыл ішінде осы салмаққа әбден ысылды. Осы аралықта бұл салмақтағы ТОП-8 қатарына енетін балуандардың бәрімен кездестік. 

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан ересектер арасындағы әлем чемпионатында 92 келі салмақта топ жарса, жастар арасындағы әлем біріншілігінде 97 келіде чемпион атанды.