Санжар Тәшкенбай, Назым Қызайбай: Бүгін 9 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін 9 боксшымыз ел намысын қорғайды. Олардың арасында қазақстандық бокс жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отырған Санжар Тәшкенбай мен Назым Қызайбай да бар.

1/8 финал аясындағы жекпе-жектердің кестесі төмендегідей:


Күндізгі сессия 16:00

51 келі. Алуа Балқыбекова vs Гаюн Мун (Корея) - 16:00-16:30

60 келі. Виктория Графеева vs Люси Кингс-Уитли (Ұлыбритания) - 17:30 -18:00

55 келі. Махмұд Сабырхан vs Башким Бажоку (Косово) - 18:30-19:00

80 келі. Нұрбек Оралбай vs Тоқтарбек Таңатхан (Қытай) - 19:00-19:30

Кешкі сессия 22:00

48 келі. Назым Қызайбай vs Лила Зелецкий (Венгрия) - 22:00-22:30

70 келі. Наталья Богданова vs Сема Чалышкан (Түркия) - 23:00-23:30

50 келі. Санжар Тәшкенбай vs Хутхайха Эшиш (Иордания) - 00:15-00:45

65 келі. Ертуған Зейнулинов vs Патрис Мугалзай (Ұлыбритания) - 01:00-01:30

85 келі. Бекзат Нұрдәулетов vs Георгий Кушиташвили (Грузия) - 01:30-02:00

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады.