Кадеттер арасында өтіп жатқан Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, .үш медальдың барлығы - қола жүлде.
Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.