Шерзод Давлатов Олимпиада чемпионын жеңіп, Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Олимпиада чемпионы франциялық Лука Мхеидзені айқын басымдықпен жеңді.

Енді Шерзод Давлатов финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Харим Лимен күш сынасады.

Айта кетейік, Лука Мхеидзе Париж-2024 Олимпиадасында командалық бәсекеде топ жарқан. Ал жекелей сайыстың финалында Елдос Сметовке жол берген.