Спорттық гимнастикадан Венгрияда өтетін турнирде ел намысын кімдер қорғайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді.

Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.

Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды. Олар: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.

Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Курбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.