Теннисші Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Осы жарыстың жеңімпазы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне wild card алу мүмкіндігіне ие болатын.

Іріктеудің финалында Зарина Тайбэй өкілі Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Зарина Australian Open жарысында 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары үшінші айналымға дейін жеткен.