Түркістанда садақ атудан Қазақстан кубогының кезеңі басталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысқа еліміздің 12 өңірінен 250-ден астам мерген қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар.

Турнирде жүлделер ересектер арасында, сондай-ақ, жасөспірімдер санатында сарапқа салынады.

Айта кетейік, жуырда садақ атудан өткен Азия Кубогы кезеңінде ұлттық құрама төрт медаль жеңіп алды.