“УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай болады”: Алматыда жаңа стадион бой көтереді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, стадион 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай болады. Жоба аясында жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйесі және іргелес аумақты абаттандыру қарастырылған.

Жаңа стадионды Құлжа тас жолы мен Талғар тас жолының арасында аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады. Бұл аумақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, көрермендер мен қонақтарға барынша ыңғайлы жағдай жасамақ.

“Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталуы тиіс”, – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ, 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымы ескеріле отырып жаңғыртылмақ. Ол Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып қала бермек.