“Уфаға ерте кетіп қалдым”: Қазақстандық футболшы өкініші туралы айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Футболшы “Футбол жолы” You Tube арнасына берген сұхбатында шетелге тым ерте кеткенін және қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді.

“Уфа” клубы мені өз қатарында қалдырғысы келді. Бірақ жарақаттар болғаннан кейін, тезірек Қазақстанға қайтқым келді. Себебі, мен ерте, 18 жасымда, жалғыз өзім шетелге кеттім. Отбасым қасымда болған жоқ. Кішкене қиындықтар болды. Әсіресе тіл мәселесі қиын тиді. Соған қарамастан, “Уфа” мені сеніммен қарап, қалдырғысы келді, бірақ мен кететін болғаннан кейін амал жоқ, клуб мені сатуға мәжбүр болды. Ерте кеттім деп ойлаймын. Қазір кішкене есейіп, Қазақстанда бірнеше жыл ойнап, тәжірибе жинап барып, содан кейін шетелге кетуім керек еді деп ойлаймын», — деді футболшы.