Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялап, спорттық мансабына қатысты маңызды шешім қабылдағанын жеткізді.
"Бәрін талқыладық. UFC-де өнер көрсетуге шешім қабылдадым", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Ризабек Айтмұханның шешімін қызу талқылап, көпшілігі оған қолдау білдірді. Пікір қалдырғандар спортшының UFC-де де жоғары нәтижеге жететініне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
"Екеулеп қазақ еліне UFC белбеуін әкеліңдерші", "Қазақтың қос батыры, алар асуларың көп болсын", "Олимпиаданы ұтып, сосын шығасың. Бүкіл ел сені күтіп отыр", "Ауыр салмаққа барып, бәріне таяқ беру керек", - деп жазды олар.