"Ұлттық құрамада ойнамайды": Қазақ футболының жұлдызы Дастан Сәтпаев құрамадан шеттетілді

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист Аслан Қаженов футболшы туралы тың ақпаратпен бөлісті.

“Қайрат” шабуылшысы Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиынына қосылмайды және іріктеу матчтарына да қатыса алмайды. Жас ойыншы шап тұсынан жарақат алған. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында екі маңызды ойын өткізеді. 10-қазанда өз алаңында Лихтенштейнді қабылдайды. Ал, 13-қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездеседі", - деп жазды ол.