WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина үшінші жеңісіне қол жеткізді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін америкалық Аманда Анисимова мен Польша өкілі Ига Швентекті ұтқан қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобынан жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алған еді. 

Елена Рыбакина үшінші бәсекесін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізуі керек еді. Алайда бұған дейін екі ойынында жеңіліс тапқан Киз ауырып қалуына байланысты матчтан бас тартты. Оның орнына кортқа әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова шықты. Матч 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.