Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Турнирдің басты кездесуінде аса жеңіл салмақтағы чемпион Жұмағұлов жеңіл салмақ дәрежесіндегі титул иегері, бразилиялық Игор Севериномен (10-1) кездесті.
Бәсеке бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Северино белден төмен тыйым салынған соққы жасап, соның салдарынан Жұмағұлов айқасты жалғастыра алмады. Қалпына келуге берілген бес минут аяқталған соң, төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, оны өтпеді деп жариялау туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде Северино чемпиондық белбеуін сақтап қалды, ал Жұмағұлов OKTAGON тарихына ұйымның қос чемпионы ретінде ену мүмкіндігінен айырылды.