Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Нұрсұлтан Теміров еңбек жолын 2014 жылы бастады. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбектенді.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрсұлтан Теміров әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жамиля Бақбергенова және тағы басқа спортшылардың жеке жаттықтырушысы", - делінген федерация жариялаған ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарған еді.