”Жасың өтіп кетті”: Назым Қызайбай өзін сынағандар туралы айтып, жан сырын ақтарды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тәжірибелі боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды.

“Бүгін бір сәтке өткенге оралдым…

Олимпиададағы сол күн, сол сезім, сол эмоциялар. Қанша жол, қанша сынақ артта қалғанын осы суретке қарап тағы бір рет сезіндім… Бұл сурет — жай ғана қола медаль емес. Бұл — сенімсіздікке, сөздерге, күмәнге берілмей өткен жолдың дәлелі. Лицензиялық турнирге дейін көп адам «жасың өтіп кетті» деді. Бірақ менің арманым үшін қанша еңбек етіп жүргенімді ешкім білмейді… Жасым жайлы, «лицензия ұта алмайды», «ұтса да бірінші жекпе-жекте ұтылады» дегендердің бәріне жауап — нәтиже. Мен ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін әрине, бірақ…

Көп адам сенбеді. Бірақ мен өзіме сендім.

Айналадағы сөз маңызды емес. Жүрегіңді тыңда. Сені сынай ма, төмендетеді ме — өз жолыңнан тайма. Мен бәрін көріп жүрмін, бәрін білемін. Жай ғана өз ісімді істеп келемін.

Алла маған мұның бәрін берді, себебі мен ешкімге жамандық тілемеймін. Маған жаман сөз айтқандарға да тек жақсылық тілеймін.

Сен. Еңбек ет. Сабыр сақта. Нәтиже өзі сөйлейді. Ностальгия + эмоция + шындық”, - деп жазды ол.