Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист бұл ақпаратты Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында естіген көрінеді.
“Қайбір жылдары бокстан Өзбекстан чемпионатын көзімізбен барып көргенбіз. Сол кезде өзбек ағайындарының бокс басында жүргендермен тілдескенімізде, бокстағы жеребеден бастап, алтын медальға дейін сатылатынын естігенімде, жағамды ұстадым. Кейін елдегі бокс функционерінен осы жайлы сұрағанымда, сол ақпаратты растады. Сондықтан тек боксшылар емес, басшылар да жұмыс істеу керек. Әйтпесе, жеңілгені - жеңілген. Бокста былық көп, тазалану үшін біраз уақыт керек секілді”, - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық бокс жанкүйерлері Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Ертуған Зейнуллаев, Бейбарыс Жексен мен Карина Ибрагимованың өзбекстандық қарсыластарынан жеңілмегенін жазуда. Олардың сөзінше, төрешілердің шешімі әділ болмаған.
Бұған дейін Англияда өтіп жатқан әлем чемпионатында өзбек қарсыластарынан жеңілген боксшыларымыз туралы жазған едік.