Осы және өзге де сұрақтарға құқықтық саясат маманы, заңгер Аяжан Ойрат жауап береді.
- Қазақстан заңдарында гендерлік теңдік мәселесі қалай қамтылған, әлі де өзгерістер қажет деп ойлайсыз ба?
- Гендерлік теңдік деген кезде Конституцияны қарауымыз керек. Теңдік демократияның басты принциптерінің бірі. Гендерлік теңдік дегеніміз әйел мен ердің тең болуы. Олардың құқықтарының тең болуы. Қазақстан заңында жалғыз басты әйел баланы асырай алады. Ал жалғыз басты ер адам біздің заң бойынша асырай алмайды. Осы жағынан бізде теңсіздік бар, бірақ бұл адам құқығына байланысты болып кетеді. Сондықтан толықтай гендерлік теңдік бар деп айта алмайсың, жоқ деп айта алмайсың. Біз бәрібір ортақ балансты ұстап тұрған елміз.
- Мемлекеттік қызмет саласында әйелдерге қатысты кемсітушіліктер бар деп пайымдайсыз ба?
- Енді қызметтегі гендерлік теңдікке келейік. Жұмысқа қабылдау шарттары болады. Жұмыс берушілер адамдарды кемсіту үшін түрлі шарттар қояды. Жасы осындай, тұрмыс құрмаған, баласы болмау керек деген сияқты шарттар. Жұмысқа қабылдар алдын сұхбаттасу болған кезде де кемсітетін сұрақтар қояды. «Іссапарға баруға дайынсыз ба, балаларыңызды қалай тастайсыз» деген сияқты сұрақтар қояды. Ал ерлерге ондай сұрақтар қойылмайды. Ол адамның жеке мәселесі. Ол артық сұрақтар деп есептеймін. Әйел адам баласын тәрбиешіге тастай ма, ата-анасына қалдыра ма өзі біледі. Қызметтік салада әйелдерге қатысты осындай кемсітушілік бар.
- Жалпы, гендерлік теңдік мәселесінде ерлер де зардап шегетін жағдайлар бола ма?
- Ерлерге қатысты да шектеулер болып жатады. Мысалы, мектепте қыз балалар шалбар да кие алады, белдемше де кие алады. Ал ұлдар тек қана шалбару жүруі керек. Оларға қысқа шалбар киюге, орысша айтқанда шорты киюге болмайды. Ол да кемсітудің бір түрі. Олар балаларға, оларға еркіндік керек. Ұл балаларға қысқа шорты киюге рұқсат беру керек. Шетелде ондайға рұсқат етілген. Қыздарға белдемше киюге рұқсат болса, ұлдарға қысқа шалбар киюге рұқсат беру керек. Гендерлік теңсіздіктен ұлдар да зардап шегіп жатады. Гендерлік теңсіздік болатын салалар көп, бірақ мен көбінесе осы жағынан ғана нақты айта аламын.
- Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша елімізде қандай шаралар қабылданып жатыр?
– Соңғы жылдары Қазақстанда бұл бағыттағы заңдар едәуір күшейді. “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” заңға өзгерістер енгізіліп, отбасындағы физикалық, психологиялық және экономикалық қысым нақты қылмыс ретінде қарастырылып отыр. Бұрын мұндай істердің көбі әкімшілік деңгейде қаралса, қазір қылмыстық жауапкершілікке тарту жиілеген.
– Қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс дегенді жиі естиміз. Заң бұл әрекетке қалай қарайды?
– Иә, қыз алып қашу – ешқашан дәстүр болмаған, бұл – адам құқығын өрескел бұзу. Қазіргі заңнамада мұндай әрекет “Адамды еркінен айыру” немесе “Некеге мәжбүрлеу” бабымен сараланып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тіпті “келісіп алды” деген сылтау да жауапкершіліктен босатпайды, егер адамның еркі болмағаны дәлелденсе.
– Мұндай өзгерістердің басты мақсаты не деп ойлайсыз?
– Негізгі мақсат – әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс деп қабылдауды тоқтату. Заң тек жазалау үшін емес, ең алдымен алдын алу, қорғау және қайталанбауына жол бермеу үшін күшейтіліп отыр.