07.1 Ұлттық лигадағы ел чемпионатының алғашқы турында алматылық волейболшы жігіттер жеңіліссіз келе жатыр

Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша жарыс қожайындары жеке-дара көш бастауда. «Алматылық» волейболшылар Қызылжардың «Есілі» (25-18, 25-20, 25-22) мен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысын» (25-18, 25-17, 25-17) 3:0, ал Хромтаудың «ТНК «Қазхромын» (15-25, 25-21, 25-16, 31-29) 3:1 есебімен тізе бүктірді. Айналым жүйесі бойынша өтіп жатқан бұл жарыста бүгін барлық командалар біркүндік демалыс алды. Алматылықтар келесі ойындарын «Атырау» (Атырау) мен «Конденсат» (Орал) командаларымен өткізеді.

Кеше атыраулықтар оралдықтарды 3:1 есебімен ұтқан болатын. Олар бұған дейін қызылжарлықтарға 0:3, өскемендіктерге 1:3 есебімен есе жіберді. Ал оралдықтар өскемендіктерден 1:3, хромтаулықтардан 0:3 есебімен ұтылған еді.