1 ақпаннан бастап теміржол вокзалында жолаушылар мен жүктерді қатаң тексереді

“Аталмыш тексеріс кезең-кезең бойынша жүргізіледі: 1 ақпаннан бастап – Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарында, 1 сәуірден – Астана вокзалы, 1 маусымнан – қалған 13 теміржол вокзалында. Бұл мақсатта 56 арнайы тексеру қондырғы кешені алынды”, – деп хабарлады ҚТЖ магистралды желі дирекциясы шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.


Осыған байланысты, жолаушылар вокзалға уақытынан ерте келуі тиіс.