Caravan Logo

1 қаңтардан жәрдемақылар мен зейнетақы өседі

1 қаңтардан жәрдемақылар мен зейнетақы өседі

Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру жалғасуда. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам сомаға шығыстар көзделген. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 12,5 пайызды құрайды.