1 қыркүйекте қай сынып оқушылары алғашқы қоңырауға қатысады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаланың білім бөлімі хабарлағандай, Павлодар қаласы мен ауылдық округтердегі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Олар:

1 қыркүйек күні сағат 10:00-де 1 және 10-11-сынып оқушылары үшін "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны.

2 қыркүйек күні 2-9 сыныптарға Білім күніне арналған сынып сағаттары мен кесте бойынша сабақтар өткізіледі.