1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқушылар мектепке оралады

1 қыркүйек – елімізде Білім күні. Биыл елімізде 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион оқушы білім алады. Оның ішінде 341 мың бала 1-сыныпқа барса, 232 мың оқушы 11-сыныпқа өтеді.

Оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Салтанатты қоңырау рәсімін өткізу күні мен уақытын әр мектептің педагогикалық кеңесі шешеді. 

Президент Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жариялайды.

Енді мектепте фастфуд сатылмайды

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық мектепте жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі.

Негізгі талаптар:

Қандай тағамдар алынып тасталады?

Еске сала кетейік, елімізде бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Мобильді аударымдар тексеріле бастайды

Енді үш ай ішінде 1 млн теңгеден астам қаржы аударатындар салықтық тексеріске ілігуі мүмкін. Бұл жаңа тәртіп шілде айының ортасында Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Салық кодексіне енгізілген түзетулерде қарастырылған.

Алайда жақын туыстар арасындағы аударымдар салық органдарының көзіне түспейді.

Стипендия өседі

Қанша теңгеге өседі?

Бакалавриаттағы шәкіртақы 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал магистратура мен докторантурада 1,75 есе артты.

Болашақ педагогтер 84 мың теңге алады. Бұл сома 2024 жылы 75 600 теңге болған.

1 қыркүйектен бастап зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

Қазақстан Үкіметі зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізді. Енді зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға төлемдер өтінішсіз-ақ автоматты түрде тағайындалып, қайта есептеледі. Барлық деректерді “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясы мен БЖЗҚ сәйкестендіріп отырады.

Сонымен қатар, жарналарды ұстау ережелері жеңілдетіліп, кейбір кірістерден, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың кірістерінен зейнетақы жарналары алынбайды.

Қайтыс болған адамның туыстарына жерлеуге біржолғы төлем қарастырылған, ал есепшоттағы ең төменгі зейнетақыдан аз қалдық толығымен отбасы мүшелеріне аударылады.

Колледждердегі жұмысшы мамандықтары тегін болады

Енді 9-сыныпты бітірген қазақстандық оқушылар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби-техникалық колледждерде тегін білім ала алады. Бұл шешім жастарды қолдауға және экономиканы жаңа кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде Қазақстанда 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мыңнан астам студент білім алуда. 500-ден астам кәсіпорын оқу орындарына шефтік көмек көрсетіп отыр. Алдағы уақытта олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

“ИП”-ны тіркеу ережесі өзгереді

15 қыркүйектен бастап жеке тұлғалар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Талаптар:

Осылайша, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге қойылатын шекті жылдық табыс мөлшері бұдан былай ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) емес, айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты айқындалады. Биыл 1 АЕК 3 932 теңге.

Егін жинау науқаны мен ауа райы

Қазгидромет болжамына сәйкес, республика аумағында қыркүйек айында ауа райы қолайлы болса, егін жинау науқаны аяқталуы мүмкін.

Батыс өңірлерде қыркүйектің бірінші жартысында кей жерлерде жаңбыр күтіледі, бірақ жалпы ауа райы егін жинауға қолайлы болады.

Солтүстік облыстарда, керісінше, айдың алғашқы жартысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін. Бұл егін жинау жұмыстарына кедергі келтіреді. Алайда қыркүйектің ортасына қарай ауа райы жақсарады.

Елдің орталығында қыркүйекте ауа райы бірқалыпты болады, өнім жинауға қолайлы. Бірақ айдың бірінші жартысында жауын-шашын түсуі мүмкін, ол егін жинауды қиындатуы ықтимал.

“ДосболLIKE” антибуллингтік бағдарламасы енгізіледі

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде балалар арасындағы буллингтің алдын алуға бағытталған отандық “ДосболLIKE” бағдарламасы іске қосылады.

Бағдарлама халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған және пилоттық түрде 9 өңірдегі 50 мектепте сыналған. Оның нәтижесінде жанжалды азайтып, сенім мен сыйластыққа негізделген орта қалыптастыруға көмектесетіні дәлелденді.

Жыл соңына дейін 8 мыңнан астам педагог пен психолог арнайы оқытудан өтеді.

Барлық мектепте “Адал азамат” бағдарламасы іске қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында, оның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы “Адал азамат” бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Бағдарламаның мақсаты – адал, еңбекқор және елжанды ұрпақ тәрбиелеу. Жаңа жүйе ұлттық құндылықтарға сүйеніп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтады.

Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болады. Сонымен қатар, бірыңғай брендбук жасалып, мектептің ішкі-сыртқы келбеті ұлттық тәрбиелік құндылықтарды бейнелеуі тиіс.

Ай сайын әділдік, еңбекқорлық, патриотизм сияқты құндылықтарға негізделген тақырыптар сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда қамтылады.

Мектептерде қауіпсіздік сабақтары қайта өткізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, балабақшадан бастап колледждерге дейін жеке қауіпсіздік сабақтары жалғасын табады.

Сабақтар әр жас тобына бөлек бейімделген:

Сабақтар әр аптада сынып сағатында 10 минуттан өткізіледі және жылына үш рет қайталанады.

Шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа тәртібі күшіне енеді

1 қыркүйектен бастап жұмыс берушілер алдымен қазақстандық мамандарды іздеуі тиіс. Егер 15 күн ішінде кандидат табылмаса, шетелдік қызметкерлерге рұқсат электронды түрде беріледі. Жаңа жүйе қағазбастылықты азайтып, отандық жұмысшыларға басымдық береді.

Заң бұзғандарға жаңа жаза 

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елде әкімшілік заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Онда жаңа жаза түрі — міндетті қоғамдық жұмыстар қарастырылған.

Азаматтар әкімшілік айыппұлмен қатар, қоғам игілігі үшін міндетті қоғамдық жұмыстарды атқаруға тартылатын болады.

Бұл шаралар құқықтық тәртіп деңгейін арттыруға, азаматтардың қоршаған ортаға құрметпен қарауын қалыптастыруға және елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.