"Біз Ұлыбритания, Гонконг пен Ресейдің заңнамасын тексере келе, осы жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енетін жаңа листингтік талаптардың жобасын жасадық", - деді А. Арыстанов.
Оның түсіндіруінше, "бұрынғы листингтік ережелер барлық компаниялар үшін аса күрделі меже болған". "Ол ережелерге "ҚазМұнайГаз", "Қазақмыс" секілді компаниялар мен банктер ғана төтеп бере алған болса, орташа деңгейлі компаниялар үшін нарыққа шығу жолы онсыз да жабық болғандықтан, тіпті тырысудың да қажеті болмаған. Сол себепті біз жаңа ереженің жобасын жасап, нарықты үш алаңға бөлдік: бұлар "көк фишкалар", орташа компаниялар және жаңа компаниялар", - деді А. Арыстанов.
"Нарыққа шығуға баршасына бірдей мүмкіндік беру керек, одан кейінгі таңдау инвестордың еншісінде", -деді ол.