1 Наурыз - Алғыс айту күні

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді шын жүректен алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық және сыйластық сынды құндылықтарды білдіреді.

Алғыс айту күні – Қазақстанға күштеп жер аударылған этностарды жатсынбай құшақ жая қарсы алып, көрсеткен көмегі үшін қазақ халқына деген құрмет.

Қазақстандықтарға мол бақыт, игілік, бейбітшілік пен амандық тілейміз!

Бұл күн көктемдей шуақты әрі мейірімге толы болсын!