1 қараша күні Өскеменде «Агробизнес-2020» бағдарламасы жобасының тұсаукесері өтеді

Бүгін вице-министр бірқатар жұмыс кездесулерін өткізеді, ал ертең, 1 қараша күні ҚР АӨК 2013-2020 жылдары дамыту бойынша «Агробизнес-2020» Бағдарламасының жобасы ұсынылатын аймақтық кеңес өтеді.

Облыстық әкімдікте атап өтілгендей, аймақтық ауыл шаруашылығы ведомствосында бағдарламаның тұсаукесері алдында талқылануы қажет бірқатар ұсыныстар дайындалды.

Бұрын хабарланғандай, бағдарлама жобасы қарастырған мемлекеттік қолдау тетіктері АӨК-нің субъектілері үшін ДСҰ-ға алдағы кіру жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға барынша жағдай жасауға мүмкіндік береді.