1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

Бірінші қыркүйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен, тәрбиешілермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Бұл күн бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.

Бұл күні ерекше алғыс пен ризашылық сөздері балаларға барлық уақыттары мен күштерін, білімдерін, жылы лебіздері мен шын жүректен жылулықтарын беретін ұстаздарымызға айтқымыз келеді. Көп жағдайда еліміздің болашағы мұғалімдерге байланысты.

Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!

*****************************

Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей-ақ табылар.

*************************

Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.

*****************************

Мектебің мынау, классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...

**************************


Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

************************

1 кыркүйек - мектеп оқушыларының ғана емес, әр түрлі жастагы кез келген мамандық иесінің, бүкіл халқының мерекесі. Сол себепті, ол Білім күні деп аталады. Білім күні жылына бір-ақ рет өткізіледі.

************************