1 сәуір күні - ешкімді алдама, өтірік айтпа!

Өздеріңізге белгілі 1 сәуір күні көптеген елдерде "күлкі күні", "алдау күні" деген қалыптасқан. Соның ішінде біздің елімізде де бар. Кейбір бауырларымыз осы күні туыстарын, достарын алдап, өтірік айтып, күлкі үшін деп келеңсіз әрекеттер жасап жатады. Ал ол болса туыстық, достық қарым-қатынастың сууына алып келеді.
Осы жайында Алла елшісінің бірнеше хадистерін келтірдік!

Бір күні Пайғамбарымыздан ﷺ: "Мұсылман адам қорқақ бола ма?" -деп сұрайды, сонда Ол ﷺ: «иә» деді. Сұраушы: "мұсылман адам сараң бола ма?" - деп сұрады, Ол ﷺ: «иә» деді. Сұраушы тағы: "мұсылман адам өтірікші бола ма?" - деп сұрағанда: Ол ﷺ «жоқ» деп жауап берген.
(Мәлик)

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу ъалейһи уә сәлләм): «Екі жүзді адамның үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады; уәде берсе, орындамайды; аманатқа қиянат жасайды», – деп айтты» – делінген.
(Бұхари, иман 24; Муслим, иман 107)

Ибн Масғуд (р.а.):
«Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, шыншылдық ізгілікке, ал ізгілік жұмаққа жетелейді. Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымына айналдырса, Аллаһтың құзырында турашыл деп жазылады. Суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, ақырында, Аллаһтың құзырында өтірікші кәззап деп жазылады», – деп айтты», – деген.
(Бұхари, әдәб 69; Муслим, бирр 103)

                                                                                                                                              Ақпарат көзі:
 muftiyatkz