Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында ипотекаға үй алудың қиындайтынын айтты.
"Бұл өзгеріс негізі былтыр болуы керек еді. Өткен жылы үкімет мемлекеттік деңгейде ипотеканың максималды жылдың үстемақысы 20%-дан аспауы тиіс деген заңнама қабылдамақшы болды. Қазіргі таңда ол заңнама 25%. Яғни, екінші деңгейлі банктер ипотекаға қарыз ақша беру барысында максималды табатын пайдасы 25%-дан аспауы тиіс. Оны 20%-ға дейін түсірмекші. Енді ол нарыққа қалай әсер етеді? Бірінші кезекте, екінші деңгейдегі банктердің өздерінің коммерциялық ипотекалық бағдарламалары сол уақытта тоқтайды. Мен оған сенімдімін. Себебі, қазіргі таңдат ипотеканы орташа есеппен 21-22% беріп жатыр. 20% банкке ешқандай пайда алып келмейді. Оны тоқтатып тастап, тұтынушылық несиеге көшіп кетуі мүмкін. Қоғам үшін жақсы. Өйткені көп адам қарыз алмайды. Екінші жағынан, қоғамның қажеттілігін өтейтін ипотекалық бағдарламалардың бір бөлігі тоқтап қалады деген сөз. Пайыздық үстемақыдан бөлек, 1 шілдеден бастап, ипотека рәсімдеудің өзі қиындайды. Қазір банктерде тұтынушының қарыздық жүктемесі деген анықтама бар. Ол бойынша сіздің барлық қарыздарыңыз табысыңыздың жартысынан аспау керек. Екіншіден, тұтынушының бүгінгі күнге дейін төлеген барлық несиесі сараланады. Сондықтан 1 шілдеден бастап ипотека алу қиындайды. Себебі, банкте тұтынушыны бағалау крийтерийі енгізіледі", - дейді ол.