1 тамыздағы күн тұтылу ең жақсы көрінетін Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде

Барнаул планетарийінің директоры, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Галина Шкловскаяның айтуынша, Барнаулдағы толық күн тұтылысын бақылау үшін 4 нүкте ашылады. Олардың ең бастысы планетарий ғимаратында орналасады.

Ғалымдардың хабарлауынша, ені шамамен 250 шақырымды құрайтын тұтылу жолағы Новосибирск - Ташанта федералдық тас жолдың үстінен өтеді.

Барнаул планетарийінің мамандарының ақпаратына сүйенсек, Астана уақытымен 15.48-де Ай дискісі Күннің оң жақ шетіне жанасады да жартылай тұтылу басталады. 16.47-де Ай Күнді толығымен жабады. Толық күн тұтылысы 2 минут 15 секунқа созылады да, 16.49-да Күн дискісінің оң жақ шеті Ай көлеңкесінен біртіндеп арыла бастайды. 17.48-де күн тұтылу толығымен аяқталады.