1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына жаңа жеңілдіктер енгізіледі

 - №35 Алматы-Шымкент бағытына;
 - №49 Алматы-Ақтөбе бағытына;
 - №50 Ақтөбе-Алматы бағытына;
 - №78 Атырау-Алматы бағытына;
 - №90 Қызылорда-Астана бағытына.

Бұдан бөлек, барлық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойыздарының (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа)  жоғарғы орындарына 5% көлемінде   жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл жеңілдіктер бұған дейін белгіленген жеңілдіктерге, яғни тарифті икемді басқару мен дисконттық карталарға қосымша енгізіліп отырғанын айта кету керек. 

Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 тамызынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Құрмет» (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және «Жастар» (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконттық карталарға қазіргі 10 пайыздық жеңілдікті 30 пайызға дейін көбейткенін хабарлайды.  

«Саяхатшы» дисконтты картасы - жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін:


100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз;
150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны - 15 пайыз;
200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі - 20 пайыз жеңілдіктер қаратырылған.

Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.