1 тонна кокаин тиелген ұшақ теңізге құлады

Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды. Белгілі болғандай, әуе кемесін Колумбияның әскери әуе күштерінің ұшақтары артынан қуған. Фарид Кайруз, Колумбияның әскери әуе күштерінің полковнигі: - Әуе кемесі біздің әскерилерден қашып, ізін суытпақ болды. Апат орын алған жерден Мексика азаматының төлқұжаты табылды, деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
 сайты.