1 жасар Арман мемлекеттің квотасымен Кореяға емделуге аттандырылуда

Бұл туралы ҚР ДСМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірнеше ай бұрын пайда болған қатерлі ісік баланың бетінің жартысын жауып тастаған. Химиялық терапияның екі курсынан кейін ісік көлемі біршама азайғанымен, көп ұзамай қайтадан пайда болды. Нәрестенің көз жанарын сақтап қалу үшін ісікті алып тастауға аса күрделі ота жасату қажет.

Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгін тура бір жасқа толатын Арман Нұрланұлы Жанділдәны квота бойынша Кореяға - Сеул Ұлттық университетіне ұзақ мерзімге емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады. Баланың жанында анасы және Алматыдағы емдеу ұйымдарының бірінің дәрігері болады.

Ұшу 2013 жылғы 10 қаңтарға жоспарланып отыр.