1 жастан асқан сәби жүк көлігінің астына түсіп аман қалды

Бақылау камерасына түсіп қалған мына кадрлерде бүлдіршіннің анасымен бірге тысқа шығып, сыртта тұрғаны анық байқалады. Бірақ жас ана дүкенге өзі кіріп, бала жалғыз қалыпты. Ал азық-түлік әкелген «Газель» жүргізушісі жол үстінде тұрған бүлдіршінді байқамай жүріп кетіп, таптап өткен. Бір таң қаларлығы, аяғынан бастап иығына дейін дөңгелек астында қалғанған баланың еш жері сынбапты. Дегенмен жеңіл жарақат алған бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген. Ал жауапсыз жүргізушіге қатысты жол полициясы хаттама толтырып, көлікті айып тұрағына жібердік дегенімен, іс жүзінде ондай әрекет жасалмағаны белгілі болып отыр.


Ержан Боқашев, Зардап шеккен баланың әкесі:

- Түскі үштер шамасында дәл осы жерде Газель баламды таптап кетті. Ол «Астана-нан» фирмасына тіркелген екен. Жол полициясы келгенімен апатты басқа жерде тіркеді. Сондықтан көлік айып тұрағына жіберілмей, жүргізуші де жауапсыз қалатын түрі бар.