Шырылдаған шиіттей шарананы Алладан қорықпай аулаға байлап қамап тастаған бұлар. Аяқ асты жылаған нәрестенің даусын ағылған жұрттың бірі естіп ұялы телефонға түсірмегенде бұл тағдырдың қалай аяқталары беймәлім еді. Танауларының астындағы заңсыздықты соған дейін білмей келген тәртіп сақшылары тайлы-тұяғымен өре-түрегелгелді артынша. Міне үш апта шапқылап жүріп Бекнұрдың анасын Шымкенттен тауыпты. Ол үйінен күйеуі мен енесінің қорлығына шыдай алмай қашып кеткенін айтады. Бірақ полицейлер сәбиді қорлаған әке мен шаранасын тастай қашқан ананың тірлігін майшаммен қарамақ.
Алдырза Қуанышкереев, Маңғыстау облысы ІІД бастығының орынбасары:
-Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ІІД аталмыш қылмыстық істі өз бақылауына алды. Егер бұл факті дәлелденсе онда айыптылар жазадант құтылмайды.
Бассыздық орын алған Басқұдық деген ауылда жалпы саны 26000 адам мекен етеді екен. Оның 21000-ы тіркеуде бар басқалары бас сауғалап жүр. 8156 кәмелет жасына толмаған бүлдіршін бар, оның 914-і 1 жасқа толмаған бөпелер. Бүгін Бекнұрдың қорлығын көзімен көрген дәрігерлер сол аулаларды түгел тінтіп, сол балаларды қарауда. Аналарын ақпарат алады, тексереді кейін өздерін де.
Не тамақ бересің?
-Каша беремін.
-Тағы не тамақ бересің
......
Баладан бөлек дәрігерлердің басқамен басы қатып жүр екен, Бекнұр сынды шиіттей шараналар жан тәсілім етердей боп жатса ақ халаттылар қатты шаршағандарын айтады. Тіпті аураханада педиаторларға 9 штат бөлінген бірақ тек төртеуміз қызметтеміз дейді. Содан болар барлық баланы тексеруге үлгермейді-мыс. Толған штатты қызметкерлермен толтыруға кім кедергі екенін ашып айтады. Бақсақ бар бәлені дәрігерлерге де айып арта беру обал-ақ, өйткені кей көшпенді әке-шешелер бөбектерін медициналық тексеруден жасырып жүретін көрінеді.
Зияда Байымбетова, Басқұдық ауылы ауруханасының бас дәрігері:
-Құрылыс бітпеген үйлерде балалар қаралмайды. Өйткені әйнектері жоқ, бір бөлмеде отырыпты. 4780 аула бар бізде. 819 пәтер бар. Соның ішінен тағы жалға берілетін бөлме салған. Олар үнемі ауысып тұрады. Және кеткенде айтпайды бізге. Осылар бізге қиындық тудырып отыр.
Аптыққан ақ халаттылар бір аптада 1081 үйді тексеріп шыққан. Қарапты, сырқаттарына ем-дос жасап сауларына сау болсын айтқан. Ал ата-ананың араздығынан жаны шыға жаздаған Бекнұр бөбек қазір ауруханада. Тәні сауыққан соң балалар үйіне берілмек. Ал мейірімнен жұрдай әке-шешесі қозғалған қылмыстық іске орай ата-аналық құқықтарынан айрылуы әбден мүмкін. Және жазада тартпақ қосымша.